Санақ 2025 жылғы 1 тамыз – 20 қазан аралығында өтеді.
ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметі 2023 жылдың 29 желтоқсанында "2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы" қаулы қабылдады, деп жазады sputnik.kz.
"2025 жылғы 1 тамыз – 20 қазан аралығында Қазақстан Республтикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілсін", - делінген қаулыда.
Санақты жүргізген кезде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру арнайы құрылған комиссияға жүктеледі.
Қаулы 2024 жылдың 19 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы бір рет қана, 2006-2007 жылдары өткізілген.