Қазақстанда алдағы күндері күн жылынады

0
287

Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады.


Қазақстанда алдағы күндері күн жылынады

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстанда 31 қазанда, сондай-ақ 1 және 2 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ пен тұман күтіледі. 1 қарашада республиканың батысында жаңбыр жауады, елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді деп күтіледі.

"Ауа температурасының жоғарылауы болжанған: күндіз елдің батысында +12+17 градусқа дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15 градусқа дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9 градусқа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17 градусқа дейін, ал таулы аудандарда +3 + 8 градус", - делінген хабарламада.