Қазақстанда алты құрылыс компаниясының лицензиясы алынып тасталды

0
481

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев заңсыз салынған ғимараттар қаланың сәулеттік келбетін бұзып қана қоймай, тұрғындарға қауіп төндіретінін, өйткені олар көбінесе құрылыс нормалары мен ережелерін бұза отырып бой көтеретінін айтты.

Қазақстанда алты құрылыс компаниясының лицензиясы алынып тасталды

ERNUR.KZ. Маңғыстауда құрылыс нысандарына жүргізілген 55 жоспардан тыс тексеруден кейін көптеген заң бұзушылықтар анықталды, деп жазады zakon.kz.

Заңнама мен құрылыс нормаларын аса өрескел бұзу салдарынан сотқа 35 талап-арыз беріліп, оның 33-і қанағаттандырылып, қалғаны қаралу үстінде екені айтылды. 2023 жылдан бері бес ғимарат бұзылған. Қалған нысандар сот шешімімен демонтаждауға кезекте тұр.

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы 2023 жылы заңсыз құрылыстармен күресу шаралары қолға алынғанын түсіндірді.

"Алты құрылыс компаниясының құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясы қайтарылып алынды, тағы бес компания өз еркімен лицензиясынан бас тартты. Сондай-ақ техникалық қадағалау мекемесінің аккредитациясынан айырылып, екі техникалық қадағалау сарапшысының сертификаттары алты айға тоқтатылды.Төрт коммерциялық нысанды бұзу туралы сот шешімі шықты", - деп түйіндеді ол.