Жаслан Мәдиев Amazon Kuiper-ді Starlink, OneWeb аналогы деп атады.
ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Қазақстанның америкалық Amazon компаниясымен олардың интернетін пайдалану туралы келісімге қол қоятынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Министр Жаслан Мәдиев, Азия-Тынық мұхиты елдерінің цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі министрлер конференциясында, Қазақстан осыған байланысты бірқатар келісімдерге қол қоятынын айтты.
“Маңыздылардың бірі – Amazon Kuiper. Осы бағытта бәсекелестікті дамыта отырып, біз азаматтарға қолжетімді бағада жақсырақ қызмет ала аламыз деп ойлаймын”, – деді министр.
Amazon Kuiper – спутниктік интернет қызметтерін ұсынатын Amazon еншілес ұйымы. Жаслан Мәдиев Amazon Kuiper-ді Starlink, OneWeb аналогы деп атады.