Қазақстанда арақ пен сыра өндірісі артты

0
1 088

Алкоголь өндірісі жылдық көрсеткіште ұлғайды.


Қазақстанда арақ пен сыра өндірісі артты

ERNUR.KZ. Атап айтсақ, арақ (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 25,3% ұлғайып, 27,8 млн литрге жетті), сыра (+4,2%, 722,1 млн литрге дейін жетті), ликерлер мен басқа да ұқсас алкогольді ішімдіктер (+25,9%, 2,1 млн литрге дейін жетті) молайған, деп жазады inbusiness.kz.

Ал шарап өндірісі бірден 38,2% қысқарып, 26,8 миллион литрге дейін төмендеді. Коньяк өндірісі де азайды (-11,7%, 9,4 млн литрге дейін). Биылғы қаңтарда алкоголь өнімі былтырғыдан 7,2% қымбаттады. Соның ішінде шарап пен сыра 8%, арақ 6,2% қымбаттады. Шарап кейінгі төрт жылда, ал сыра бағасы кейінгі екі жылда тым жоғары көтеріліп отыр.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша, арақ Шығыс Қазақстан облысында (бір жылда 14,2%) елеулі мөлшерде қымбаттады, ал Атырау облысындағы бағасы елеусіз өсті (3,4%). Шымкентте тіпті арзандаған (минус 2%).

Қалаларда бір литр арақ орташа 3392 теңге тұрады. Жоғары баға Елорда, Атырау және Ақтауда (3864 тг); төмен баға Көкшетау, Өскемен және Таразда тіркелді.

Арақ пен ликер-арақ өнімдері көптеп импортталып та, экспортталып та жатыр. Экспорт жылдық динамикада 133 есе өсіп, 1,7 млн литрге дейін жетті.