Қазақстанда ата-аналардың төлқұжатына балалардың суретін орналастыру тоқтатылды

0
1 093

Бұған қоса ата-аналар төлқұжатына 16 жасқа дейінгі балалардың суретті орналастыру және олар туралы жазбалар жасау процедурасы тоқтатылды.


Қазақстанда ата-аналардың төлқұжатына балалардың суретін орналастыру тоқтатылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда ата-аналарының төлқұжатына балалардың суреттері енді орналастырылмайды, деп жазады Stan.kz.

Алматы көші-қон қызметі мәліметінше, еліміздің 2019 жылғы 25 қарашадағы «272-VI» «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық хаттамаларына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер, толықтырулар мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес уақытша жеке куәлік беру ережесі жойылды.

Бұған қоса ата-аналар төлқұжатына 16 жасқа дейінгі балалардың суретті орналастыру және олар туралы жазбалар жасау процедурасы тоқтатылды.

«Былайша айтқанда, шетелге шығу үшін балаларды тіркеу және олардың суреттерін ата-аналарының құжатына қою жойылды. Енді уақытша жеке куәлік болмайды. Мысалы, бұрын адам куәлігін жоғалтса, оған уақытша куәлік берілетін еді. Бұдан былай Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәліктің стандартты үлгісін алады. Бұл жұмыс процесін жеңілдетеді және ең бастысы отандастарымызға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландырады», - деп хабарлады Алматы қаласылық ПД-нің көші-қон қызметі департаментінің бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.