Бағаны көтеру жергілікті газ өңдеу зауыттарын жаңғырту, сондай-ақ газ өндіретін кәсіпорындардың шығынсыз болуын қамтамасыз ету үшін қажет.
ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының бағасын кезең-кезеңімен көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Оның айтуынша, 2024 жылы сұйытылған мұнай газы литріне 5 теңгеге қымбаттайды.
"Энергетика министрлігі бағаны кезең-кезеңмен көтеруді жоспарлап отыр. 2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге көтеріледі деп күтеміз. Одан кейін алдағы 3 жылда газ бағасы әр 6 ай сайын қымбаттап отырады", - деді вице-министр Энергетика министрлігінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, бағаны көтеру жергілікті газ өңдеу зауыттарын жаңғырту, сондай-ақ газ өндіретін кәсіпорындардың шығынсыз болуын қамтамасыз ету үшін қажет.
"Осы арқылы біз елдегі газ тапшылығын азайтамыз", - деді Жамауов.