Қазақстанда аяз қайта күшейеді

0
1 448

Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.


Қазақстанда аяз қайта күшейеді

ERNUR.KZ. Қазгидромет 12-14 наурыз күндеріне ауа райы болжамын жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен құбылмалы ауа райы сақталады.
12 наурызда Павлодар және Қарағанды, ал 12-13 наурызда Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жаңбыр және қар түрінде қатты жауын-шашын күтілуде.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.
Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы түнде 10-20 градус аяз, күндіз 2-10 градус аязға дейін төмендейді деп болжанып отыр. Ал оңтүстікте сынап бағанасы түнде минус 2-12 градусқа дейін түседі, күндіз 6 градус суық, плюс 2 градус жылы болады.

12 наурызда ірі қалаларда ауа райы қандай болады

Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -13, күндіз -6 градус суық.
Алматыда күн ашық. Түнде +4, күндіз +14 градус жылы.
Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +9, күндіз +11 градус.