2022 жылдың екінші тоқсанының соңындағы жағдай бойынша азық -түлік бағасының өсуі 18,7%, ал жалақы өсімі небары 8,9%-ды құрады.
ERNUR.KZ. Азық-түлік тауарлары қазақстандықтардың шығындарының жартысынан астамын құрады, деп жазады ulysmedia.kz.
"Атамекен" ҰКП талдау қызметінің хабарлауынша, халықтың жалпы шығындарындағы азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығыстардың үлесі ағымдағы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 2015 жылғы 44,7%-дан 51,4%-ға дейін өскен.
Баяндамада бұл көрсеткіштің өсуіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі – өнімдердің бағасы нақты жалақыға қарағанда тез өсетіндігі атап өтілген.
Мәселен, 2022 жылдың екінші тоқсанының соңындағы жағдай бойынша азық -түлік бағасының өсуі 18,7%, ал жалақы өсімі небары 8,9%-ды құрады.
Сондай-ақ, орта тап өкілінің рационында ет (айына+0,8 кг), сүт өнімдері (+0,8 кг), қант, тәтті және жемістер (+0,2 кг) көбейгені айтылады. Ал көкөністерді (-0,8 кг), май мен майларды (-0,2 кг) тұтынудың төмендеуі байқалады.