Қазақстанда азық-түлік дүкенінде дәрі сатылған – ІІМ

0
712

Ақтөбе облысындағы азық-түлік дүкендерінің бірінен 59 түрлі 112 қаптама дәрі табылған.


Қазақстанда азық-түлік дүкенінде дәрі сатылған – ІІМ

ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Алексей Калайчиди заңсыз дәрі-дәрмек сату фактілері туралы атып берді. Оның айтуынша, Ақтөбе облысындағы азық-түлік дүкендерінің бірінен 59 түрлі 112 қаптама дәрі табылған, деп жазады Azattyq Rýhy.


«Ал Нұр-Сұлтанда медициналық заттар Instagram желісі арқылы сатылған. Қаланың 30 жастағы тұрғынынан ЦЕФ, Преднизолон дәрілерінің 132 қаптамасы табылды. Көкшетаулық бір медбике «Цепим» дәрісін сатып келген. Алматы тұрғыны Қытай өндірген дәрілерді сатқан. Оның көлігінен 1000-нан аса дәрілік препарат табылды», - деді А. Калайчиди бүгінгі брифингте.

Сонымен қатар, Павлодар облысындағы дәріханалардың бірінде тиісті құжатсыз дәрілер саудаланып, ол жерден вирусқа қарсы 1000-нан аса дәрі табылған.
Түркістан облысында 40 жастағы әйел үйінен процедуралық кабинет ашып, қосымша дәрі сатқан. Оның үйінен 307 қаптама дәрі тәркіленді.