Қазақстанда бала туу азайды

0
1 841

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда туылғандар саны 390,5 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 4,7% аз, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Статистика комитеті келтірген деректерге сілтеме жасап.

Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,65 туылғандарды құрады.

2018 жылғы 1 қаңтарға еліміздегі халық саны 18 157,1 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 426,5 мың (57,4%), ауылдықтар – 7 730,6 мың адамды (42,6%) құрады. 2017 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 231,2 мың адамға немесе 1,3% өсті.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 17,0 мың адамға немесе 6,1% кеміп, 260,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,44 адамды құрады.

дереккөз: stat.gov.kz