ОҚО-ның үш миллионыншы тұрғынына пәтер берілетін болды

0
1 566

​Еліміздің халық саны тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының үш миллионыншы тұрғынына әкімдік тарапынан баспана берілмек. Бұл туралы бүгін ел алдында есеп берген аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев мәлім етті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі


ОҚО-ның үш миллионыншы тұрғынына пәтер берілетін болды

Еліміздің халық саны тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының үш миллионыншы тұрғынына әкімдік тарапынан баспана берілмек. Бұл туралы бүгін ел алдында есеп берген аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев мәлім етті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Пәтер туралы мәселе облыс тұрғыны Гүлжан Жолбарысқызы тарапынан қойылған сауалдан соң белгілі болды. Өзін көпбалалы анамын деп таныстырған тұрғын елдің демаографиялық өсуіне сүбелі үлес қосып отырғанын алға тартып, үш миллионыншы тұрғынға нендей сый жасалатынын білгісі келді.

«Шымкент қаласының тұрғынымын. Көпбалалы анамын. Мысалы, Астанада миллионыншы тұрғынға пәтер сыйланды, Алматыда еліміздің он сегіз миллионыншы тұрғынына тағы пәтер берілді. Біздің жобалауымыз бойынша облыс халқы үш миллионға жақындап қалды. Үш миллионыншы нәресте дүниеге келіп жатса, сіз қандай сый-сияпат жасар едіңіз?», - деді тұрғын.

«Біз республиканың ішінде халқының саны жағынан ең көп өңірміз қазіргі кезде. Үш миллионға жетіп жатсақ, сол нәрестені дүниеге әкелген анаға бір пәтер беруге дайынбыз», - деп жауап қатты Жансейіт Түймебаев.