​Қазақстанда балалар қатысуымен болатын қылмыс саны 5% азайды

0
1 147

Отандық мамандар балалар құқығын қорғауға қатысты халықаралық стандартты елімізге енгізуді көздеп отыр.


​Қазақстанда балалар қатысуымен болатын қылмыс саны 5% азайды

ERNUR.KZ. Елімізде балалардың қатысуымен болатын қылмыс көлемі соңғы жылы 5 процентке азайды, деп жазады 24.kz.

Ал арнайы тіркеуде тұрғандар саны 9 мыңнан 7 500-ге төмендеді. Бұл туралы бүгін балалар мүддесін қорғау тақырыбында өткен республикалық жиында айтылды. Оған қатысушылар заңмен байланысты болған жасөспірімдерді қолдап, қоғамға бейімдеу мәселелерін талқылады. Осы мақсатта заңға бірқатар өзгеріс енгізіліп, оның тетіктерін тиімді пайдалану жағы сөз болды. Бұған қоса, отандық мамандар балалар құқығын қорғауға қатысты халықаралық стандартты елімізге енгізуді көздеп отыр.