Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 24 865 адам ем қабылдап жатыр.
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Коронавирус инфекциясынан 22, пневмониядан 8 адамның қайтыс болғаны хабарланды.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 24 865 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 102 бала бар. Стационарларда 4 421 науқас жатыр. 20 444 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 419 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 101 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 94 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.