Биылғы 1 қыркүйекке дейін 2 млн 305 мың қазақстандық зейнетақы алып келді.
ERNUR.KZ. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,2 трлн теңгеден астам сомасында зейнетақы төленді, деп жазады sputnik.kz.
"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 200,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 675,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 525,6 млрд теңге қарастырылды", - деп мәлімдеді министрлік.
Биылғы 1 қыркүйекке дейін 2 млн 305 мың қазақстандық зейнетақы алып келді.
"Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-не тең болса, онда 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. Ал егер сіздің еңбек өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80%-ін құрайды", - дейді ведомство.
Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп азаматтар күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде, яғни 100% белгіленеді.
Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылып тұрса зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.