Дәнді дақылдарды 14,7 млн. гектар алқапқа себу жоспарлануда, оның ішінде бидай – 11,4 млн. гектар, бұл 2017 жылдың деңгейінен 544 мың гектарға аз. Бұл туралы Үкімет отырысына Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі баяндады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Дәнді дақылдарды 14,7 млн. гектар алқапқа себу жоспарлануда, оның ішінде бидай – 11,4 млн. гектар, бұл 2017 жылдың деңгейінен 544 мың гектарға аз. Бұл туралы Үкімет отырысына Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі баяндады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл ретте, Арман Евниевтің айтуынша, мал шаруашылығының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін азықтық дақылдар осы көлемге көбейетін болады (2017 жылға қарағанда 16%-ға), жемдік дақылдар (арпа, сұлы, жүгері, бұршақ (50%), ноқат) 2,5 млн. гектарға егіледі, бұл өткен жылдың деңгейінен 49 мың гектарға (2%-ға) артық.
Майлы дақылдар бірінші рет 2,5 млн. гектар межеден асып шамамен 2,6 млн. гектарды құрайды. Картопқа арналған алқап та оң өсу динамикасын көрсетіп, 210 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылдың деңгейінен 15%-ға артық.
«Ағымдағы жылғы егіске 2,6 млн. тонна тұқым дайындалды. Майлы дақылдар тұқымының төменгі пайыздық дайындығы Шығыс Қазақстан (87%) облысында байқалады.Облыстардың әкімдіктері айырбастау немесе еркін нарықтан сатып алу арқылы жетіспейтін көлемді жабу көздерін іздестіруі қажет»,-деген вице-министр қазіргі кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің негізгі бөлігі айналым қаражаты болмағандықтан себу үшін тұқым сатып алмайды және іс жүзінде жалпы репродукциядағы өздерінің тұқымдарын пайдаланатынын айтты.
«Осыған байланысты тұқым шаруашылығын субсидиялаудың мүлдем жаңа тетігі әзірленді. Жаңа тетік 5 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е. Шөкеевтің төрағалығымен бейне-конференция режимінде барлық мүдделі тараптардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте жете талқыланды.
Кеңеске қатысушылар жаңа тетікті жалпы қолдады» -деді Евниев.
Қазақстанда 2018 жылы егіс алқаптары 21,8 млн. гектарды құрамақ. Бұл іс жүзінде өткен жылғы деңгейде.