Қазақстанда бизнес қарқынды дамып келеді - Президент

0
574

Мемлекет басшысы байқаудың аяқталуымен құттықтап, еліміздегі бизнес саласының қарқынды дамып жатқанынын тілге тиек етті.


Қазақстанда бизнес қарқынды дамып келеді - Президент

ERNUR.KZ. Елордада Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың қатысуымен кәсіпкерлерге сапа саласындағы Президенттің жыл сайынғы «Алтын Сапа» сыйлығын табыстау рәсімі өтіп жатыр, деп жазады baq.kz.

Мемлекет басшысы байқаудың аяқталуымен құттықтап, еліміздегі бизнес саласының қарқынды дамып жатқанынын тілге тиек етті.

Баршаңызды «Алтын сапа», «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының өз мәресіне жетуімен құттықтаймын! Біз жыл сайын осы салтанатты жиында ел дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкерлерге құрмет көрсетеміз. Бұл – талай жылдан бері жақсы дәстүрге айналған маңызды іс-шара. Қазір Қазақстанда бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Бұған мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 36 пайыздан асты. Бұл – шын мәнінде, жоғары көрсеткіш. Осы салада жұмыс істейтін адамдардың саны 4,3 миллионға жетті. Яғни еңбекке жарамды азаматтардың 45 пайызы деген сөз,-деді Президент.