Қазақстанда босқын мәртебесін беру: ережелер жаңартылды

0
235

Бұйрық 2024 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстанда босқын мәртебесін беру: ережелер жаңартылды

Сурет: ҚР СІМ

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 31 қазандағы бұйрықпен босқын мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу және қарау ережелеріне өзгерістер енгізді, деп жазады zakon.kz.

Жаңа ережеге сәйкес, босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат – пана іздеген адамның жеке өзі немесе осыған уәкілетті өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органға жазған жазбаша өтініші.

Бұл ретте, босқын мәртебесін беру туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш ай ішінде осы адам дактилоскопиялық тіркеуден өткен жағдайда қаралады деп көзделген.

Сонымен қатар, бірнеше тармақтар жаңа редакцияда жазылды.

Өтінішхатты қарау рәсімін өтінішхат тіркелгеннен кейін ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы тарапынан жүргізіледі және:

  • өтініш беруші жүгінген күні «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде пана іздеген адамға электрондық іс жүргізіледі;
  • өтінішхатты тіркегеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде нысан бойынша пана іздеген адамды есепке алу карточкасы ресімделе отырып, пана іздеген адаммен сауалнама жүргізіледі;
  • сауалнама жүргізілгеннен кейін пана іздеген адамды өтінішхат тіркелген күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының барлық есептері, сондай-ақ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Құқық қорғау және арнаулы органдарының ақпарат алмасу жүйесінің есептері бойынша тексеріледі;

Әңгімелесу өткізілгеннен және сауалнама парағы толтырылғаннан кейін пана іздеген адамға міндетті медициналық тексеріп-қаралуға жолдама беріледі.

Пана іздеген адамға медициналық тексеріп-қаралудан өту тәртібі, одан өтуден бас тарту, сондай-ақ босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қараудың одан әрі рәсімдерін жүргізу үшін ХЖҚЖАО-ға келмеу салдары түсіндіріледі.

Пана іздеген адам әңгімелесуден өткеннен және сауалнама парағын толтырғаннан кейін міндетті медициналық тексеріп-қаралудан өту мерзімі ұзақтығы 10 (он) жұмыс күні болып белгіленеді.

Пана іздеген адам міндетті медициналық тексеріп-қаралудан өткеннен кейін медициналық тексеріп-қаралудан өткенін растайтын анықтаманы ХЖҚЖАО-ға жеке өзі ұсынады.

Міндетті медициналық тексеріп-қаралудан өту мерзімі өткен кезде, сондай-ақ пана іздеген адам сауалнама парағын ресімдеумен әңгімелесуден (оның ішінде қосымша) немесе босқын мәртебесін беру туралы одан әрі рәсімінен өту үшін ХЖҚЖАО-ға келмеген кезде ХЖҚЖАО-ға келмеу себептерін түсіндіру үшін ХЖҚЖАО-ға шақыра отырып, беру туралы хабарламамен бірге пана іздеген адам көрсеткен болатын мекенжайы бойынша тапсырыс хат жолдайды.

Егер пана іздеген адам оған жазбаша хабарлаған күннен бастап бір айдың ішінде ХЖҚЖАО-ға келмесе, сол тәртіпте жазбаша хабарлама қайта жолданады. Пана іздеген адам қайта жазбаша хабарландырылған күннен бастап бір ай ішінде ХЖҚЖАО-ға келмеген жағдайда өтінішхатты қарау тоқтатылып, бұл туралы пана іздеген адам көрсеткен болатын мекенжайы бойынша хабарлама жолданады.

Өтінішхатты қарауды тоқтатқан жағдайда бұл туралы осындай шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде уәкілетті органға хабарланады.

Бұйрық 2024 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.