Қазақстанда букмекер кеңселеріне қойылатын талаптар күшейтілмек

0
961

Мұхамедиұлы қазіргі таңда лотерея қызметінен түсетін табыстың 15 пайызы спортты дамытуға бөлініп отырғанын айтты.


Қазақстанда букмекер кеңселеріне қойылатын талаптар күшейтілмек

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы букмекер кеңселеріне қойылатын талаптарды қатаңдату қажет екенін мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .

"Бұл оңай мәселе емес. Қазіргі таңда біз заң әзірлеп жатырмыз. Букмекер кеңселеріне қойылатын талаптарды күшейту қажет. Электронды ғасырда букмекер кеңселерін бір аймаққа ауыстыру қауіпті. Олардың барлығы электронды форматқа өтіп кетуі мүмкін. Ал интернет арқылы заңсыз қызметті реттеу өте қиын", — деді министр үкімет отырысынан кейін.

Мұхамедиұлы қазіргі таңда лотерея қызметінен түсетін табыстың 15 пайызы спортты дамытуға бөлініп отырғанын айтты.

"Біздің міндетіміз – букмекер кеңселері, казино қызметі, ойын қызметінің кез келген түрі табысының белгілі бір бөлігін әлеуметтік жобаларға, спортқа бөлуіне қол жеткізу. Бұл біздің позициямыз, халықаралық тәжірибе", — деді министр.

Оның айтуынша, Англияда Лондон олимпиадасын өткізуге бөлінген қаржының 32 пайызы лотерея мен букмекер қеңселерінен түскен.