Бұл жемқорлық үшін қолайлы қолма-қол ақшаны қысқартуға мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің отырысында электрондық теңгені жасап шығару процесін жеделдетуді ұсынды. Айтуынша, бұл жемқорларға ақша жымқыруда «қолайсыздық» тудырады, сондай-ақ бюджет қаражатының мөлдірлігін қамтамасыз етеді, деп жазады kaz.nur.kz.
"Бұл жемқорлық үшін қолайлы қолма-қол ақшаны қысқартуға мүмкіндік беріп, мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаражатының мөлдірлігін қамтамасыз етеді", – деп мәлімдеді Шпекбаев.
Агенттік басшысы өзі басқаратын ведомствода да цифрландыру процесін жеделдетуге ниетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері электрондық қылмыстық істер жүйесін белсенді қолдануды көздеп отыр.
Осылайша, ведомство өкілдері үстінен тергеу жүргізіліп жатқан, бірақ қамауға алынбаған тұлғаларға электронды білезік тағуды қарастыратын «алматылық тәжірибені» қоданбақ.