Қазақстанда ет қымбаттай ма – министрдің жауабы

0
1 027

Қазір елімізде ет бағасы тұрақты деңгейде, яғни 2,5 мың теңгеден асқан жоқ.


Қазақстанда ет қымбаттай ма – министрдің жауабы

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров еліміздегі ет бағасына қатысты түсінік берді, деп жазады inform.kz.

«Қазір елімізде ет бағасы тұрақты деңгейде, яғни 2,5 мың теңгеден асқан жоқ. Бұл тұрғыда осы бағадан аспайды деп ойлаймыз. Өйткені бізде малды тірідей шетке шығаруға шектеу қойылды. Қосымша киіктің еті ет комбинаттары арқылы сатылып жатыр. Бұл жағдай да біршама әсерін береді», - деді А. Сапаров Сенатта аграрлық ғылымды дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда министр Қостанай облысында киік етінен консерві шығарыла бастағанын еске салды.

Атап айтқанда, Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Сабынды ауылындағы ет комбинаты – «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері атқан киік етін тұрғындарға сататын жеті орынның бірі. Kazinform агенттігінің тілшісі Астана қаласынан 70 шақырым жердегі нысанға барып, киік еті қалай сатылып жатқанын көріп қайтқан еді.