Қазақстанда еттің бағасы тағы да қымбаттайды

0
565

Биылғы қуаңшылыққа байланысты жем-шөп бағасы өскен.


Қазақстанда еттің бағасы тағы да қымбаттайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев саладағы мәселелерге арналған брифингте мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Жалпы, елімізде өндірілетін ет көлемі ішкі нарықты қамтуға жетеді. Мәселен, бүгінде отандық агроөнеркәсіп саласы сиыр етіне деген сұранысты 97, ал жылқы етінің сұранысын 98 процентке қамтып отыр. Ал қой етімен нарықты түгел қамтамасыз етеді. Сондықтан сырттан тасымалдауға әзірге қажеттілік жоқ. Бірақ биылғы қуаңшылыққа байланысты жем-шөп бағасы өскені баршаға мәлім. Сәйкесінше, ет бағасын ұстап тұру қиынға соқпақ.

Ербол Қарашөкеев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі: - Еттің бағасы өсуі ықтимал. Себебі ет өндіруші, өндіріп жатқан шаруа қожалықтары өздерінің шығындарын бәрін өтеу керек. Сол себепті еттің бағасы өсуі мүмкін деп жоспарлап отырмыз.