Қазақстанда еуроға сұраныс күрт төмендеді

0
661

Қазан айында айырбастау пункттері бойынша нақты саудаланған валюта көлемі 13,6 млрд теңгені құрады.


Қазақстанда еуроға сұраныс күрт төмендеді

ERNUR.KZ. Ол 2021 жылдың мамырынан бері ең төменгі көрсеткіш. Ал 2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 2,4 есе аз. Бұған қоса 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда 2,5 есе аз, деп жазады inbusiness.kz.

Осы ретте еуроға сұраныс оның құнсыздануы аясында төмендеді: оның орташа айлық құны қыркүйекте 471,5 теңге, кейін қазанда 464 теңге болды.

Аймақ бойынша:

- Павлодар облысында таза сату көрсеткіші небәрі 33 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың сәуірінен бері ең төменгі көрсеткіш;

- Алматыда таза сұраныс бір жарым жыл ішінде ең төменгі деңгейге жетті (3,6 млрд теңгеден аз).

- Астана, Ақтөбе және Атырау облыстарында – кем дегенде 2021 жылдың мамыр айынан бастап ең төмен сұраныс тіркелді.

Ал Түркістан облысында нақты сатылған валюта көлемі 196 млн теңгені құрады. Мұндай көрсеткіш өңірде екінші рет тіркеліп отыр (2021 жылғы қарашада – 206,1 млн теңге).