Қазақстанда Hanteng деген көлік құрастырылатын болды

0
1 671

Көлік делдалдардың қолына алдағы көктемде өтеді


Қазақстанда Hanteng деген көлік құрастырылатын болды

ERNUR.KZ. Отандық автоқұрастырушы кәсіпорындардан жаңа көлік түрі шығатын болды. Ол – қытайлық Hanteng маркалы көлігі, деп жазады altaynews.kz.

Жоба «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-ның қолдауымен жүзеге асады. Ол кәсіпорында кәрейлік, еуропалық маркалармен қатар қытайлық Ankai деген автобустар мен JAС деген жеңіл көліктер құрастырылып жатқандығы белгілі.

Hanteng компаниясы Қытайда 2013 жылы ашылған болатын. Ол осы 5 жыл ішінде өзіндік ерекшелігімен әлемге таныла білді. Бірде-бір рет плагиат жасады деген жаман атағы шыққан емес.

Айта кетейік, Hanteng X5 және X7 маркалары Қостанайда жинақталады.

Қозғалтқыш көлемі 1,5 және 2,0 литр. Алдыңғы дөңгелегі жұмыс істейді. Көлік делдалдардың қолына алдағы көктемде өтеді.