Қазақстанда Илон Масктың интернетін жеке мақсатта пайдалануға тыйым салынды

0
950

Министрлікте өткен брифингте журналистер қазақстандықтардың Starlink интернетін пайдалану мәселесін көтерді.


Қазақстанда Илон Масктың интернетін жеке мақсатта пайдалануға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Қазақстандықтарға Starlink-ті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салынды, деп жазады stan.kz.

Министрлікте өткен брифингте журналистер қазақстандықтардың Starlink интернетін пайдалану мәселесін көтерді. Бірақ бұл заңсыз болып шықты.

"Бұл мәселе бойынша мұндай адамдар бар екенін айтайын (үйлеріне Starlink орнататындар). Тиісті органдар анықтап, нақтылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өйткені қазіргі уақытта қолданыстағы нұсқада пайдалану қауіпсіздік талаптарына сай болмағандықтан, заңнаманы бұзады", – деді Диас Төлегенов.

Ол пилоттық жоба бойынша техникалық жұмыстар аяқталмайынша және заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілмейінше "оның заңсыз болатынын" айтты. Осылайша қазақстандықтарға Starlink-тен интернетті пайдаланғаны және таратқаны үшін айыппұл салынуы мүмкін.

"Сатып алған болса да, өзгертулер енгізгеннен кейін оны пайдалана алады. Өзгеріс енгізбес бұрын жеке тұлғаларға бірінші рет ескерту, ал одан кейін 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады (2023 жылы 34 500 теңге)", — деді Төлегенов.

Спикер қазақстандықтардың қалай тексерілетінін және мұндай жағдайлардың қалай анықталатынын айтпады.