Қазақстанда информатика 1 сыныптан бастап оқытылуы мүмкін

0
1 538

Digital Bridge - Қазақстандағы биылғы жылы өтіп отырған басты инновациялық оқиға.


Қазақстанда информатика 1 сыныптан бастап оқытылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда информатика пәні 1 сыныптан бастап оқытылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумның цифрлық экономиканы дамытудың жаһандық трендтері талқыланған жалпы отырысында Эстония Премьер-Министрі Юри Ратас өз елінде робототехника 1 сыныптан бастап балаларға оқытылатындығын атап өтті.

«Меніңше, білім беру бұл инновацияның барынша маңызды элементі саналады. Мәселен, Эстонияда біздің балаларымыз бірінші сыныптан бастап робототехниканы оқиды. Бұл өте танымал пән», - деді Юри Ратас.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Эстонияның мұндай тәжірибесіне қызығушылық танытты.

«Эстонияда бірінші сыныптан бастап робототехниканы оқытуы өте керемет. Біз информатиканы 7 сыныптан бастап оқыттық. Барлық уақытта 7 сынып оқушысы оқытушысынан көп білетіндігін айтып келемін. Біз бағдарламаны өзгерттік және бүгінде информатика үшінші сыныптан оқытылады. Қазір Эстония Премьер-Министрінің сөзінен кейін бізде ойланатын боламыз, 3-інші сынып та кештеу сияқты», - деді ҚР Үкімет басшысы.

Айта кетейік, форумның цифрлық экономиканы дамытудың жаһандық трендтері талқыланған жалпы отырысына қатысқан Премьер-Министр «Digital Bridge» үлкен байланыстар жасалатын алаңға айналатындығын, Қазақстан тек қана цифрлық күн тәртіппен өмір сүріп жатқанын айтқан еді.

Digital Bridge - Қазақстандағы биылғы жылы өтіп отырған басты инновациялық оқиға.