Қазақстанда интернет жылдамдығы Сирия мен Гондурастан да төмен

0
736

Елімізде 100 адамның 78-і мобильді интернет пайдаланады.


Қазақстанда интернет жылдамдығы Сирия мен Гондурастан да төмен

ERNUR.KZ. Маусым айының басында Қазақстанда ұялы байланыстың 24 млн абоненті тіркелген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,6%-ға аз (25,5 млн). Дегенмен, интернетке қосылған абоненттер саны 0,6 пайызға артып, 14,5 миллионды құраған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қазақстанда 100 адамға шаққанда 129 абоненттен келеді. Бұл көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға азайған. Ал, интернетке қосылған абоненттер үлесі 100-ге – 78.

Елімізде соңғы жылдары мобильді интернетті қолдану аясы айтарлықтай кеңейді. Дегенмен, қолданушылар саны артқанымен, оның сапасы өскен жоқ. Әлемде Қазақстан бұл жағынан төменгі орындардың бірінде орналасқан. Атап айтқанда, 2020 жылы 138 елдің ішінде небәрі 96-орынға тұрақтады. Еліміз мобильді интернеттің жылдамдығы жағынан Перу, Сирия, Кения, Гондурас сынды елдерден төмен орналасқан. Ал, ең жылдам мобильді интернет Оңтүстік Корея, БАӘ, Қытай, Катар және Нидерландыда.