Комитет кинотеатрлар үшін жеңілдік жасау мәселесін қарастырып жатыр.
ERNUR.KZ. Қазақстанда белгілі бір шектеулер қойылса, кинотеатрлар ашылуы мүмкін. Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
Оның айтуынша, комитет кинотеатрлар үшін жеңілдік жасау мәселесін қарастырып жатыр. Жақын арада іске асырылуы мүмкін бірнеше нұсқа талқыланып жатыр дейді.
"Қазіргі уақытта комитет бұл мәселені зерттеп, қарастырып жатыр. Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның таяудағы отырысында кинотеатрлардың қызметін қайта іске қосу ұсынылады. Алайда залдар 100 пайызға толмайды. Сондай-ақ, кинотеатрлардың иелері санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтауға міндетті. Біз отырыста ұсынатын боламыз, алайда түпкілікті шешімді комиссия қабылдайды", - деді Байтанаев.