Қазақстанда қаңтарда несие алғандар қатары күрт артқан

0
600

Теңгемен берілген кредит көлемі бір айда 16 588,2 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды.


Қазақстанда қаңтарда несие алғандар қатары күрт артқан

ERNUR.KZ. Елдегі банктерден алынған несие қаңтар айында – 3,7%, ал өткен жылдың қаңтарынан бері бір жыл ішінде 26,5%-ке көбейіп, 18 497,7 млрд теңгеге жетті, деп жазады ulysmedia.kz.

Атап айтқанда, заңды тұлғаларға берілген кредиттер көлемі бір айда 7 758,8 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға, жеке тұлғаларға – 10 738,8 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды.

Теңгемен берілген кредит көлемі бір айда 16 588,2 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 3,8%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 3,9%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 909,5 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,6%-ға өсті, жеке тұлғаларға кредиттер – 0,9%-ға төмендеді. 2021 жылғы желтоқсанның соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 89,7% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 030,5 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 467,2 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы желтоқсанда 3 772,2 млрд теңгеге дейін 6,2%-ға ұлғайды (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 48,6%-ы).