Қазақстанда қашықтықтан жұмыс істеу форматы заңдастырылуы мүмкін

0
2 583

Бұл заң жобасын Парламент депутаттарының өзі әзірлеп, ұсынған.


Қазақстанда қашықтықтан жұмыс істеу форматы заңдастырылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс жасауды құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заң жобасын қолға алды, деп жазады zakon.kz.

Депутат Жәмила Нұрманбетованың айтуынша, бұл заң жобасын Парламент депутаттарының өзі әзірлеп, ұсынған.

Бүгінгі күні жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіруге мәжбүр болған тәжірибеміз еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттігін көрсетті, - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, осыған байланысты заң жобасы қашықтықтан жұмыспен байланысты еңбек қатынастарын реттеуді қарастырады.

Бұл арада уақытша және аралас сияқты жаңа жұмыс режимдерін енгізу, жұмыс кестесін, жұмыс мерзімін, қызметкердің, сонымен қатар жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу ұсынылады. Жалпы, заң жобасының қабылдануы оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық сипатқа ие болады деп күтіледі, - деп түсіндірді Нұрманбетова.

Депутат Мәжілістің бейіндік комитеті заң жобасын 2021 жылдың 22 желтоқсанына дейін қолданысқа енгізіп, қорытынды жасауға дайын екенін айтты.