​Қазақстанда қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы тақырыптық апта өткізу ұсынылады

0
761

Дархан Мыңбайдың төрағалығымен және Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен өткен отырыстың күн тәртібі «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы іс-шаралар жоспарының сұрақтарына арналды.


​Қазақстанда қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы тақырыптық апта  өткізу ұсынылады

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы, оның барлық белсенді мүшелердің, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдерінің, ведомстволық бағынысты ұйым басшыларының қатысуымен өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дархан Мыңбайдың төрағалығымен және Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен өткен отырыстың күн тәртібі «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы іс-шаралар жоспарының сұрақтарына арналды.
21 көрсеткіш пен 66 ірі іс-шараны қамтитын «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының негізгі үш бағытын іске асыру барысы туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры У.Тналиев айтып берді.
Өз кезегінде, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы М. Қожахмет Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге жоспарланған 101 іс-шараның 75-ін іске асыралғаны туралы Қоғамдық кеңес мүшелерін хабардар етті.
«Қалған іс-шаралар республикалық жоспарға сәйкес белгіленген мерзімде желтоқсан айының соңына дейін жүзеге асырылады», - деді М.Қожахмет.
Қоғамдық кеңес мүшелері Министр А.Балаеваның 2022 жылы азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен қоғамдық кеңестердің тақырыптық апталығын өткізу жөніндегі идеясын қолдады.
Дархан Мыңбай бұл идеяның өзектілігін атап өтті. Ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық кеңестердің қызметі жөніндегі уәкілетті орталық мемлекеттік орган екендігін атап өтті. Министр А.Балаеваның айтуынша, бұл шара азаматтық қоғамның маңызды институтының алдын-ала қорытындыларын шығару үшін де, сондай-ақ олардың Қазақстандағы қызметін одан әрі жетілдіру бойынша тәсілдерді әзірлеу үшін де өзекті.
Жалпы, отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері ведомствоның жүргізіп отырған жұмысында ескерілетін ұсынымдар әзірледі. Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын 2022 жылдың I тоқсанында өткізу жоспарланып отыр. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, отырыс «ZOOM» арқылы онлайн-форматта өтті.