Қазақстанда коронавирус індетінің екінші толқыны басталды - Біртанов

0
1 076

Сәуір айының екінші жартысында індет шарықтау шегіне жеткен.


Қазақстанда коронавирус індетінің екінші толқыны басталды - Біртанов

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың екінші толқыны мамырда басталғанын айтты, деп жазады тengrinews.kz.

"Қазақстанда коронавирустың бірінші толқыны болды: сәуір айының екінші жартысында індет шарықтау шегіне жетіп, ауру жұқтырғандардың саны артты. Мамыр айының ортасында індет жұқтырғандардың саны қайта өсті. Бұл коронавирустың екінші толқыны басталғанын білдіреді", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны - 12312- ге, қайтыс болғандар - 52, емделіп шыққандар - 6606 адамға жетті.