Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 129 адам қайтыс болды

0
955

Қазіргі уақытта 122 875 адам коронавирус инфекциясынан емделуде.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 129 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 129 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қыметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, коронавирустан 103, коронавирустық белгілері бар пневмониядан 26 адам көз жұмған.

Қазіргі уақытта 122 875 адам коронавирус инфекциясынан (117 171 + және 5 704 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 128 адам стационарда, 92 747 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 920 адамның жағдайы ауыр
  • 549 адамның жағдайы өте ауыр
  • 224 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.