Қазақстанда коронавирустан тағы 7 адам қайтыс болды

0
1 181

Пандемия басталғалы COVID-19-дан 2166 адам қайтыс болды.


Қазақстанда коронавирустан тағы 7 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда 7 науқас коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бір тәулікте жеті адам коронавирустан көз жұмды, жалпы пандемия басталғалы COVID-19-дан 2166 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 159 адам ковидтік пневмонияға шалдықты. Бірінші тамыздан бері барлығы 44 314 адамда коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, 466 науқас көз жұмды.

17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір індеттен 25 316 науқас емделіп жатыр, олардың ішінде 13 393 адам вирус жұқтырған, ал 11 923 пациентте COVID-19 симптомдары бар пневмония расталды.

4 238 адам стационарда, 21 078 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

Министрліктің ақпаратынша, 239 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 39 пациент хәл үстінде жатыр. 42 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.