Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

0
872

Науқас 1 ай көлемінде ауырып жүрген.


Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан бойынша осымен екінші адам індеттен қайтыс болып отыр.

Қайтыс болған науқасты 21 наурыз күні жедел жәрдем қызметкерлері жеткізген. Науқас 1 ай көлемінде ауырып жүрген, медициналық көмекке жүгінбеген.

Қайтыс болған науқаспен жақын болған 31 адам, оның ішінде жақын туыстары және жұмыстағы әріптестері оқшауланды.