Қазақстанда күдік туғызатын ақша аударымдары тоқтатылады

0
646

Бұл туралы ІІМ-де мәлімдеді.


Қазақстанда күдік туғызатын ақша аударымдары тоқтатылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда интернеттегі күдік туғызатын ақша операцияларын қадағалау және тоқтатату жоспарлануда, деп жазады Stan.kz.


"Есірткі айналымында электронды әмияндарды пайдалану мүмкіндігін тоқтату жұмыстары аяқталып жатыр. Осы айда біз Ұлттық банкпен бірлесіп әзірлеген заңнамалық нормалар күшіне енеді. Ол бойынша анонимдік пайдаланушылар пайдасына төлем жасауға тыйым салынады.

Желіде қатысушыларын анықтау мүмкіндігі бар күдікті ақша операцияларын тоқтату функциясы енгізілді", - деп хабарлады ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткенов брифингте.


Ол ІІМ алқа отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды жандандыру жөнінде бірнеше тапсырма бергенін атап өтті. Есірткіні жарнамалау фактілері бойынша жұмысты күшейтуге ерекше назар аударылды.


"Заңнамалық база қайта қаралды: жаңа психобелсенді заттарды есепке қою тәртібі жеңілдетілді. Есірткі қылмысының қазіргі жағдайына жауап беретін жаңа қылмыстық құрам енгізілді. Әңгіме ең алдымен есірткіні тұтынуға және оларды интернет арқылы өткізу туралы болып отыр.

Енді олар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылды және өмір бойына бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзімін көздейді. Нәтижесінде бүгінгі күні есірткіні жарнамалау бойынша 64 қылмыс, оның ішінде 39-ы өткізу бойынша анықталған. Осы фактілер бойынша сотқа 41 қылмыстық іс жолданды", - деп түсіндірді ол.


Сондай-ақ, оның айтуынша, Жоғарғы сотпен бірге нормативтік қаулы жобасы әзірленуде.


"Бұл қылмыстық істерді тергеуге бірыңғай тәсілді қолдану және есірткінің жаңа түрлері туралы істер бойынша соттың дамуын қамтамасыз ету бойынша құқық қолдану практикасын түсіндіруге мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін синтетикалық есірткі өндіру үшін пайдаланылатын жаңа психобелсенді заттар мен прекурсорлардың тағы 32 атауын мемлекеттік бақылауға енгізу бойынша Үкімет қаулысы қабылданады", - деп толықтырды Тілеген Маткенов.