Май бағасының шарықтауына шикізат құнының көтерілуі себеп болған.
ERNUR.KZ. Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттап кетті. Әсіресе, Батыс өңірлерде пісте майының бір литрі 700 теңгеден асса, Қарағандыда бірден үш есеге өскен, деп жазады Stan.kz.
Ал мамандар күнделікті тұрмыста қолданылатын май бағасының шарықтауына шикізат құнының көтерілуі себеп болғанын айтады. Дүкен аралаған қарағандылық тұрғындар майдың бағасының бірден шарықтағынаны байқаған. Айтуларынша, былтырмен салыстырғанда пісте майының құны үш есе өскен. Ал дүкен сөрелерінде қазір қаладағы ең арзан майдың бағасы 677 теңге. Ең қымбаты 800 теңге сатылып жатыр.
"Мен бес литрлік май аламын, бес литрлікті бұрын шамамен 3000-ға жобалап алатынмын. 2900 сондай. Енді қазір қарап тұрмын 3990. Демек, қымбаттаған. Оған қоса, мынау 10 % скидка деп тұр. Яғни, одан да қымбат болғаны", - дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Гафура Сатжанова.
Семейде де пісте майының түрлеріне қарай бағалары әртүрлі. Дүкен сөрелерінде сұйық майдың литрі 650 теңгеден 750 теңге аралығында. Күнделікті тұрмыста қолданатын бұл азық түрінің ай сайын бағасы көтерілуі әсіресе зейнеткерлер мен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар үшін ауыр дейді халық.
"Зейнеткер, жұмысы барларға ол түкте емес енді отыз теңге, жиырма теңге, қырық теңге. Мына балалары көп, алатын ақылары аз соларға қиын ғой. Енді мысалға айтқанда бес баласы бар, алты баласы бар адамдарға әрине қымбат, қиын ол", - дейді Семей қаласының тұрғыны Нұрқия Баймағанбетқызы.
Еnergyprom сараптамасына сәйкес, елде былтырға қарағанда пісте майының бағасы 44,5 пайызға өскен. Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау мен Ақтауда баға тіптен шарықтап кеткен. 1 литр күнкөріс майы 700 теңгеден асады. Ал орташа баға Павлодар, Түркістан, Қостанай, Ақтөбе қалаларынжа 608 бен 630 теңге аралығында екен. Төмен баға Орал, Қарағанды, Тараз, Петропавлскіде байқалады.
Ал шенеуініктер қымбатшылықтың салдарын шемішке құнының шарықтағанымен түсіндіреді. Қазір пістенің келісі 210 теңгені құрайды.
"Ең басты себебі бұнын сұйық май өндіруші кәсіпорындардың шикізаттың қымбаттауы себебінен бағасын өсіруінде. Ал бағаның басты өсу себебі сол сатып алу бағасының өсуінен, егер осыдан бір жыл бұрын сұйық май өндірушінің бағасы 340 теңгеден болса, қазіргі таңда 630 теңге, яғни екі есеге дейін өсті", - дейді Қарағанды қаласы Ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Абзал Рахымбаев.
Әкімдіктегілер бағаны сақтап қалу үшін өндірушілермен келіссөздер жүргізіп жатқандарын айтады. Ал Қазақстанға күнбағыс майы көбінесе Ресейден жеткізіледі екен.