Қазақстанда күнкөріс минимумына интернет шығынын қосып есептеуді ұсынды

0
980

Қазір ғаламтор желісі әр адамның ажырамас бөлігі.


Қазақстанда күнкөріс минимумына интернет шығынын қосып есептеуді ұсынды

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрлігі күнкөріс минимумына интернетті қосып есептеуді ұсынды, деп жазады altaynews.kz.

Күнкөріс минимумының сомасы жоғарылауы мүмкін, әсіресе, мүгедектігі бар азаматтар үшін. Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов бекітілген көрсеткішті өзгерту мәселесі қаралып жатқанын айтты.

Сондай-ақ, минималды тізімге қатысты да өзгерістер болады деп жоспарлануда.

Министрдің айтуынша, қазір ғаламтор желісі әр адамның ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, азық-түлік және коммуналдық қызмет төлемдерімен бірге интернет те шығындар қатарына енгуі мүмкін.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Қазақстандағы күнкөріс минимумының мөлшері 30 мың теңгеден төмен.