Қазақстанда қысқы дөңгелектерге тапшылық туындауы мүмкін

0
643

Дағдарыс жағадан алғанда, жоқшылық етектен тартып жатыр.


Қазақстанда қысқы дөңгелектерге тапшылық туындауы мүмкін

Елімізде енді темір тұлпарларға қысқы дөңгелектер тапшылығы туындауы мүмкін. Сарапшылар осылай дейді. Өйткені ресейлік және қытайлық брендтердің дилерлері қысқы дөңгелектерді аз алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Дағдарыс жағадан алғанда, жоқшылық етектен тартып жатыр. Жетіспеушілік қысқы дөңгелекке де жетті. Сарапшылардың айтуынша биыл тауарға тапсырыс 30 пайыз азайған. Сондықтан дефицит болуы мүмкін дейді-мамандар.

"Ресейлік және қытайлық брендтердің дилерлері қысқы шиналар көлемін азайтты. Сондықтан мен автокөлік жүргізушілеріне соңғы күнге дейін күтпеуге кеңес беремін. Қар жаумай тұрып, шиналарды сатып алған жөн. Өйткені барлық адамға дөңгелек жетпей қалуы мүмкін", - дейді сарапшы Юрий Номикосов

Сатушылардың айтуынша, былтырғыға қарағанда 15-30 пайызға қымбаттаған.

"Баға мынау теңге мен доллардың айырмасына байланысты кішкене шамалы былтырғыға қарағанда қымбаттау", - дейді кәсіпкер Әмірбек Каримов

Мұны экономистер тасымал құнымен байланыстырады. Өйткені пандемия басталғалы жеткізу құны бірнеше есеге артқан.

"Шегерілген сұраныс деген бар. Мәселен мен бір алатын нәрсені өткен жылы алатын болсам үйде отырдым да алмадым. Балаларыма форма дейміз ба, көлімізге заттар дейміз ба, алмадық. Ал бүгінгі күнге келгенде сұранысқа бірден шығады да сол жаңағы шинағада сұраныс көбейіп кетуі мүмкін.Ал сұраныс көбейгенде оның бағасы да көбейеді", - дейді экономист Сапарбай Жобаев.

Қыстық шина бізде өндірілмейді. Бірқатар өңірде зауыттар болған. Қазір ешқайсысы істемейді. Сондықтан еліміз импортқа тәуелді. Сондықтан баға жағдайға қарай құбыла береді дейді мамандар.