Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтетін болды

0
1 901

Ресейлік әртіс Максим Галкиннің концерті 9 қазан күні Алматыдағы Республика сарайында өтетін болды.


Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтетін болды

ERNUR.KZ. Жақында ресейлік әртіс Максим Галкин Қазақстан билігі жеке кешін өткізуге тыйым салып жатқанын айтқан болатын. Сол мәлімдемеден кейін Алматыда әзілкештің концерті өтетіні белгілі болды, деп жазады stan.kz.

Ресейлік әртіс Максим Галкиннің концерті 9 қазан күні Алматыдағы Республика сарайында өтетін болды. Бұл туралы өнер иесінің продюсері Алексей Пучков өзінің Instagram-дағы парақшасында жария етті.

Айта кетейік, бұған дейін Максим Галкин Қазақстанда концерт өткізе алмайтынын айтып, қазақстандық көрерменнен сәті түскенде қауышуға уәде берген болатын.