Қазақстанда мемқызметкерлерге үстемақы мен демалыс берілуі мүмкін

0
2 255

Әсіресе, мектепте, балабақшада кішкентай балалары бар ата-аналар үшін


Қазақстанда мемқызметкерлерге үстемақы мен демалыс берілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Себебі, мемлекеттік қызметшілердің жиі жұмыс ауыстыруы жағынан біздің облыс республика бойынша көш бастап тұр, деп жазады altaynews.kz.

Бұл да арнайы рейд барысында белгілі болған олқылықтың бірі. Жұмыс соңында сағаттап қалып жұмыс істеуден, яғни еңбек тәртібін дұрыс ұйымдастырмаудан облыс орталығы – Өскемен қаласы әкімінің аппараты топ бастап тұр екен. Соның салдарынан кадрлар жиі жұмыс ауыстыруда.

Өзінің Жолдауында Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік органдар жұмысында формализм мен бюрократизмді барынша азайтуды тапсырып отыр. Бұл іске енді соңғы нүкте қоятын кез келді. Ең алдымен мемлекеттік қызметкер де адам екенін, оның үйі, отбасы барлығын ұмытпауымыз керек, – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанна Қабдолдақызы.

Департамент басшысы мәлімдегендей, мұндай жағдайда қызметкерлер үшін жұмыстың икемді кестесін құру қажет. Әсіресе, мектепте, балабақшада кішкентай балалары бар ата-аналар үшін. Мысалы, артық істелген сағаттарға қосымша ақы немесе демалыс беруді қарастыру керек.