Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады

0
914

Орталық жұмысының мақсаты жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары мен сервистік орталықтар ашу, инвестициялық қызметті қолдау арқылы Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісін оқшауландыру болып отыр.


Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады

Бүгін Мемлекет басшысының машина жасау саласын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын құру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Келісімге қол қою рәсіміне Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр қатысты.

Құжатқа энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, «PSA» ЖШС бас директоры Бекет Ізбастин, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (КПО) жобасының басшысы Эдвин Блом, Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) басшысы Ричард Хоув және Теңізшевройл (ТШО) жобасының басшысы Имер Боннер қол қойды.

Орталық жұмысының мақсаты жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары мен сервистік орталықтар ашу, инвестициялық қызметті қолдау арқылы Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісін оқшауландыру болып отыр.

Бұл бастама отандық тауар өндірушілерге қосымша қолдау көрсетеді және мұнай-газ жобаларының операторлары өткізетін сатып алу үдерісіне олардың барынша тартылуына ықпал ететін болады. Орталықты құру кезінде «Шелл» және «ЭНИ» компаниялары құрған осындай зерттеулер мен жобалар орталықтарының жұмыс тәжірибесі пайдаланылатын болады. Орталықты мұнай-газ жобаларының операторлары қаржыландырады және ол коммерциялық емес негізде жұмыс істейтін болады.