Қазақстанда мұнай өндіру көлемі төмендеді

0
715

2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 9,4 млн тонна газ конденсаты (-3,6%), 43,4 млрд текше метр табиғи газ (-1,5%), 97 млн тонна көмір (+3,8%) өндірілді.


Қазақстанда мұнай өндіру көлемі төмендеді

ERNUR.KZ. Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2,4%-ға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

"Қазақстанда мұнай өндіру 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 59 млн тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрын өндірілген мұнай көлемінен 2,4%-ға аз", - делінген хабарламада.

Статистикаға сәйкес, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 9,4 млн тонна газ конденсаты (-3,6%), 43,4 млрд текше метр табиғи газ (-1,5%), 97 млн тонна көмір (+3,8%) өндірілді.