Қазақстанда Наурыз мерекелерінде корпоративтік кеш өткізуге рұқсат етіле ме?

0
550

Бұған конференциялар, форумдар, мерекелер, отбасылық және естелік іс-шаралар кіреді.


Қазақстанда Наурыз мерекелерінде корпоративтік кеш өткізуге рұқсат етіле ме?

ERNUR.KZ. Алматының санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов қала тұрғындары алдағы наурыз мерекелерінде корпоративтер өткізе ала ма деген сұраққа жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша Ashyq жүйесіне қосылған нысандарда бұқаралық іс-шаралар өткізуге жол беріледі. Бұған конференциялар, форумдар, мерекелер, отбасылық және естелік іс-шаралар кіреді.

"Корпоративтер, басқа да бұқаралық іс-шараларды тек Ashyq жүйесі бойынша өткізу мүмкін болады. Бірақ Алматы жағдайында Ashyq нысандарында толымдылық 70%-ға дейін ғана болуы тиіс. Себебі қала "қызыл" аймақта орналасқан. Қала тұрғындары арасында COVID-19 вирусының тіркелуі төмендеген. Егер Алматы мереке алдындағы күндері немесе мереке күндері "сары" немесе "жасыл" аймаққа ауысқан жағдайда, толымдылық деңгейіне қарамастан шаралар өткізуге болады", – деді Байғабылов.