Қазақстанда оқушыларды ұрып-соғу видеолары бұғатталады

0
1 964

Сағадиев ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа осындай бастамасына қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.


Қазақстанда оқушыларды ұрып-соғу видеолары бұғатталады

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық оқушылардың ұрып-соғу оқиғалары түсірілген видеолардың Желіден дереу өшірілетінін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Психологтар мен мұғалімдер тікелей байланыс орнатты. Бұл психологтар Facebook желісінде тарап жүрген негативті тауып, Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірге Facebook, YouTube және тағы сол сияқты желілерге өшіру туралы өтініш береді. Психологтар немесе мұғалімнен министрлікке дейін мәселені жеткізу уақыты екі апта, біз бұл уақытты бір сағатқа дейін қысқартқымыз келеді. Бірден көргенін қалаймыз. Қазір біз осындай видеолар Қазнетте екі апталап таралып жүрмеуі үшін АКМ-мен осындай шешімге келіп отырмыз. Бірден өшірту керек", - деді Сағадиев ведомство алқасының отырысында.

Сағадиев ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа осындай бастамасына қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.