​Қазақстанда он үшінші ұлттық саябақ пайда болды

0
2 860

Ұлттық саябақ аумағы – 143,5 мың гектар.


​Қазақстанда он үшінші ұлттық саябақ пайда болды

Үкіметтің қаулысымен Қазақстанда жаңа ұлттық табиғи саябақ пайда болды, деп мәлімдейді орман шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет. Бұл туралы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап ERNUR.KZ хабарлайды.

"Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы құрылды", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Ұлттық саябақ аумағы – 143,5 мың гектар.

Қазақстандағы ең ірі ұлттық саябақ Қатон-Қарағай болып саналады, ол да Шығыс Қазақстанда орналасқан. Аумағы – 643 мың гектар.

Ал ең кішісі – Баянауыл ұлттық табиғи саябағының аумағын 68 мың гектар екен. Ол еліміздегі ең алғашқы саябақ – 1985 жылы ашылған.

Жаңа ұлттық саябақ ауданы бойынша сегізінші орында тұр.