Қазақстанда өрт сөндірушілердің зейнетке шығу жасын төмендету ұсынылды

0
585


Қазақстанда өрт сөндірушілердің зейнетке шығу жасын төмендету ұсынылды

ERNUR.KZ. Парламент депутаттары құтқарушылардың зейнет жасын төмендетуді ұсынып отыр, деп жазады Хабар 24.

Тағы бір ұсыныс – өрт сөндірушілерге екінші қосымша табыс табуға мүмкіндік беру.

Қазіргі уақытта бұған заңмен тыйым салынған.

“Қазір олар 63 жаста зейнетке шығады, бірақ бұл жаста биікте, су астында немесе өрт қауіпі бар жерлерде жұмыс істеу қиын, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов.

Арнайы техника мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі бар, дейді депутат. Оның айтуынша, 30 жылда бірде-бір жаңа өрт сөндіру бекеті салынбаған өңірлер бар.

“Өрт сөндіру қызметінің штатын көбейту, көлік паркі мен қызмет ғимаратын тезірек жаңарту, тау бөктеріндегі, орман-тоғайлар мен аумақтардағы бекеттерді нығайту, содай-ақ, көппәтерлі тұрғын үйлерді, өндірістік және әлеуметтік объектілерді және адамдардың жаппай тұруын қамтамасыз ететін басқа да ғимараттарды салу, пайдалануға беру кезінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде қызмет беруші маманның міндетті түрде қатысуын қамтамасыз етсін”, – деді Махаррам Махаррамов.