2023 жылы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 292 мың адам.
ERNUR.KZ. Еңбек министрлігінің деректері бойынша 2023 жылы 1 ақпандағы есеп бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 120 659 теңге, оның ішінде зейнет жасына қатысты зейнетақы мөлшері – 82 878 теңге, базалық зейнетақы – 37 781 теңге, деп жазады stan.kz.
Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері 11 898 теңгеге өсті.
2023 жылдың қаңтарында республикалық бюджеттен 274,1 млрд теңге сомасында зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 84,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 189,9 млрд теңге бөлінген.
2023 жылы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 292 мың адам.