Қазақстанда педофил, маньяк, каннибал және террористерге арналған тағы да мекемелер ашылуы мүмкін

0
793

Қазір аса ауыр қылмыс жасап, қатаң жазаға тартылғандар «Қара Бүркіт» түрмесінде отыр.


Қазақстанда педофил, маньяк, каннибал және террористерге арналған тағы да мекемелер ашылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар үшін Қазақстанда тағы бір мекеме ашылуы мүмкін. Мұнда педофилдер, маньяктар, каннибалдар және террористер қамалады. Ал қазір аса ауыр қылмыс жасап, қатаң жазаға тартылғандар Қостанай облысындағы «Қара Бүркіт» түрмесіне тоғытылып жатыр, деп хабарлайды Хабар24.

«Қара бүркітке» қамалған 386 қылмыскер бас-аяғы 500-дей адамның өмірін қиған екен. Олар - аса қатыгездікпен кісі өлтіргендер.
Темір торға қамалғандардың 150-і – өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар. Жазасын өмір бақи өтейтіндер үшін мұнда 200 орын бар.
«Заңнамада басқа облыстарда өмір бойы бас бостандығынан айыру мекемелерін ашу жоспарланып отыр», - УК-161/3 мекемесінің бастығы Нұрбек Кабдикаримов.

Қоғамда резонанс тудырған аса ауыр қылмыстарға қатысы барлар да осында: 14 шекарашы мен қорықшыны өлтірген Владислав Челах, жеті жастағы Виктория Ганяны зорлап, кейін өмірін қиған педофил Денис Лесников, Ақтөбеде тал түсте әскери бөлім мен полицияға шабуыл жасаған террористер...

«Бұл жерде резонас тудырған санитарлар да бар. 90-жылдардың соңында Алматы тұрғындары үрейге ұшыраған. Санитар ретінде киініп, қарақшылық қылмыстар жасаған, адам өлтірген. Бұлар жеңіл жүрісті қыздарды өлтіріп, солардың етінен тұшпара жасаған, жеген. Былайынша айтқанда, каннибалдар ғой - адам жегіштер», - дейді Нұрбек Кабдикаримов.