Қазақстанда полиэтилен өндірісіне $7,6 млрд инвестиция тартылады

0
470

Алпауыт кәсіпорынды 2023-2028 жылдар аралығында салу жоспарланған.


Қазақстанда полиэтилен өндірісіне $7,6 млрд инвестиция тартылады

ERNUR.KZ. Ресейлік "СИБУР" және "ҚазМұнайГаз" мұнай-химия компаниясының бірлескен кәсіпорны "Силлено" полиэтилен өндіретін газ-химия кешенінің құрылысына 7,6 миллиард доллар инвестиция тартылады, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы "Ірі мұнай-газ және мұнай-газ химиясы жобаларын дамыту жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасында айтылған.
Жобада интеграцияланған газ-химия кешенінің қуаты 1,25 миллион тонна болады делінген. Алпауыт кәсіпорынды 2023-2028 жылдар аралығында салу жоспарланған. Қаржыландыру көзі ретінде жеке және заем қаражаттары көзделген.